10
сентябрь
2024
Семинар хаттамасы 2022-2023
"Білім сапасын арттыруда бағалаудың маңызы" тақырыбындағы
қалалық тәжірибелік семинар
Бүгін 01.03.2023ж. Білім сапасын арттыруда оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру және кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, білім беру сапасын шынайы бағалау жүйесін құру, оқытудың әдістемелік жүйесін жақсарту мақсатында бастауыш сынып, қазақ тілі, математика пәндері мұғалімдеріне ӘО әдіскері Н. Корганбаеваның ұйымдастыруымен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты М.Маметова атындағы №111 жалпы орта білім беретін мектеп базасында семинар өткізіліді. Семинарда өткізілген барлық іс-шара осы мақсат аясында өтті.Пән бойынша мұғалімдерге оқушылармен жұмыс барысында білім, білік, икем дағдыларын қалыптастыруға бағыт беру, тапсырманы орындауда қорытынды жасай білуге және орындалған жұмысты бағалауға үйрету, мұғалімдерге оқушының қызығушылығын арттыру бойынша шығармашылық ізденістеріне көмектесу, оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану тәжірибесімен бөлісу мақсатында шебер сабақ, ашық сабақ және қазақ халқының ұлттық нақышта іс шаралар көрсетілді.
Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «педагог-модератор» санатты Тоганбаева Зулайхо Алимжановна "Білім сапасын арттыруда бағалаудың маңызы" және «педагог-сарапшы» санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғлімі, Бегметова Севара "Повышение качества знаний через методы и приемы" тақырыбында шебер- сабақтарын таныстырып өтті. Бұл шебер сабақта мұғалімдер қазіргі заман талабына сай бағалау тәсілдері технологияларын және өз тәжірібелерін слайдтар, видеожазбалар, интернет желісіндегі бағалау программалары туралы жоғары деңгейде таныстырып өтті.
Бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-сарапшы» санатты Кочкарова Лазакат Султаниязовна 4-"Г" сыныптағы математика пәнінен «Усимликлар ва хайвонларни мухофаза қилиш. Умумлаштириш» және бастауыш сынып мұғалімі, «педагог-сарапшы» санатты Хайтметова Дилрабо Бахадировна 4-"Б" сыныпта «Усимликлар ва хайвонларни мухофаза қилиш. Умумлаштириш» тақырыбындағы ашық сабақтарында жаңа технология елементтерінен, бағалау әдістерінің бір қанша үлгілерін, модельдерін, өзара және бірін бірі бағалауды қолдана отырып, бұл әдістер оқушыларды сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын, білім сапасын арттыруға әсері зор енендігін жеткізе білді.
Математика пәні мұғалімі, «педагог-модератор» санатты, Корганбаева Рухсора Байбуриевна 6"Б" сыныпта математика пәнінен "Основные методы решения линейных уравнений" тақырыбында ашық сабақ өтті. Көптілділік қазіргі заман талабы екендігін айта отырып, Корганбаева Рухсора сабағын үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілінде өтті. Оқушілардің қызығушылықтары жақсы, орыс және ағылшын тілдерінде математик терминдерді айтуға қалыптасқан, еркін сөйледі, сабақта интернет бағалау ресурстарынан, топтық әдістер және бағалау, рефлексия түрлерін пайдаланды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «педагог-модератор» санатты Нарходжаева Лола Турсиматовна 9-"Г" сыныпта қазақ тілінен "Бұқаралық ақпарат құралдары " тақырыбында ашық сабақ өтті. Ол сабағында топтық жұмыстар, функциональдық сауаттылыққа сай тапсырмалар, жаңа технология елементтерін пайдалана отырып, бағалау, кері байланыс түрлерін көрсетіп берді. Сабақ қагаз, слайд, интернет ресурстарына өте бай. Мұғалім балаға жақсы ойындарды, білім беру сайттарын немесе баланың дұрыс бағытта дамуын ынталандыратын басқа да қызықты іс-әрекет форматтарын көрсетті.
1-Нарурыз «Алғыс айту күні»не орай қазақ тілі және әдебиеті бірлестігі ұлттық нақышта іс шаралар көрсетті. Мектептің белсенді оқушылары тарабынан қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен қазақ халқының ақиық ақыны М.Макатаевтың өлең жырларын мәнерлеп жатқа айтты. Қазақ халқының ақын жазушыларына, Наурыз мейрамына көрме жасалды, қазақ ұлттық дастарханы даярланды.
Семинарға қатысушылардың кері байланысына қарай, семинар өте жақсы деңгейде ұйымдастырылғаны айтылды.

