Шымкент қаласының білім басқармасыныңрьтпьпьрп
«№111 М.Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(87252) 26-70-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2024

Мектеп тарихы



№111 жалпы орта білім беру мектебі 2015 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді.  Мектеп ғимараты 540 орындық. 2023 – 2024 оқу жылы мектептің жалпы білім беру жүйесінде күндізгі оқыту түрінде жалпы 33 сынып комплекті, оның ішінде: 1-4 сыныптарда 12 сынып, 16 сынып  негізгі буында, 10-11 сыныпта 5 сынып. Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Сабақ кестесі негізінен санитарлық-гигиеналық талаптарға және жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастырылды.

  1. Пәндер бойынша білім негізін салатын, білім стандарттарын игеру деңгейін қамтамасыз ететін оқу жоспары құрылып, бекітілді.
  2. Педагогикалық шығармашылықты дамыту және түрлі бастамаларды іске асыру мақсатында мектебімізде әдістемелік жүйе қалыптасты.
  3. Жаңа білім беру технологияларын, соның ішінде денсаулық сақтау технологияларын игеру арқылы педагогикалық шеберлікті көтеру әдістері жетілдірілді.
  4. Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша пәндік әдістемелік бірлестік жұмысы белсенді жүргізілді, сабақтың дәстүрлі емес түрлерін дайындау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бақылау технологиялары жетілдірілді.
  5. Білім беру үрдісінің мониторинг және диагностика жүйесі, кәсіби құзырлық және педагогтерді әдістемелік дайындау деңгейі жалғасын тапты.
  6. Сабақтарда тест қолданып, қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Сол арқылы 11-сынып оқушыларын ҰБТ жаңа форматқа дайындау және 9,4-сыныптар бойынша білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингісі   бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.
  7. Жекелей оқытуды қолдану жолдарымен оқытудың сапасы жетілдірілді.
  8. Пәндік және кәсіби білім бойынша жеке тақырыптар мен бағдарлама бөлімдері оқытылып, тақырыптық жоспарлар талқыланды.
  9. Пән және әдістеме апталықтары, жалпы білім беру пәндері бойынша байқаулар мен олимпиадалар өткізілді.
  10. Ашық сабақтарды ұйымдастыру және оларға қатысу жолға қойылды.
  11. Кәсіптік бағдар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №52 бұйрығымен

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары бекітілді.

  • 1-4 сыныптар, Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 04 қыркүйектегі №441 бұйрығының 1-қосымша және 2012ж. 8 қараша №500 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес;
  • 5-9 сыныптар, Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің  (жаңартылған мазмұнның) оқу жоспары, Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына сәйкес;
  • 10-11 сынып, Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның)  оқу жоспары   (филология-тарих), Білім және ғылым министрінің 15.05.2019 ж. №205 бұйрығына сәйкес;
  • 10-11 сынып, Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) оқу жоспары   (филология-тарих) Білім және ғылым министрінің 15.05.2019 ж. №205 бұйрығына сәйкес,  2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытылды.

№111  жалпы  орта мектебінің бастауыш сынып және пән мұғалімдері курстан өтті. Бүгінгі таңда   1-11 сыныптарда 701 оқушы оқу жоспарына   сәйкес  жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша білім алуда.

Жыл бойына 2-11 сыныптарда:

1. Күнделікті қалыптастырушы бағалау
 2. Бөлім бойынша жиынтық бағалау
 3. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау алынып, модерация жасалды қорытындысы шығарылды, рубрика жазылып, ата-аналармен таныстырылды.

Похожие публикации:

02 сентябрь 2019 Тарификация
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив